Қолдау
Кіру, тапсырыс беру, төлеу не ақшаны қайтару шықпаса, кассада бірдеңе дұрыс болмаса — жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз. Тезірек көмектесу үшін аккаунттың телефонын немесе почтасын, дүкенді және не болғанын жазыңыз.
Байланыс
Сервис операторы: ИП Qolayly (Нұрмат Баймырза Құттыбайұлы), ЖСН/БСН 990120300344; Республика Казахстан, Туркестанская область, Келесский район, село Абай, улица Азимбай ата, дом 9.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қалай кіремін?
Телефон нөмірімен — барлығы осылай кіреді: сатып алушы, курьер, дүкен иесі және сатушы. Нөміріңізді енгізіңіз — SMS арқылы код келеді, соны енгізіңіз. Құпиясөз керек емес.
Почтамен — дүкен иелеріне (кіру бетінде «Почтамен»): почта және құпиясөз. Тіркелгеннен кейін почтаңызға хат келеді — ондағы сілтемені ашып, кіріңіз. Құпиясөзді ұмытсаңыз — qolayly.kz/app сайтында «Почтамен» бөлімінде «Құпиясөзді ұмыттым» батырмасын басыңыз: жаңа құпиясөз қоюға сілтемесі бар хат келеді.
Бұрын почтамен кіріп, енді нөмірмен кіргіңіз келсе — алдымен нөмірді байлаңыз: қосымшада дүкен профиліндегі, сайтта кабинеттің басты бетіндегі «Телефонмен кіруді қосу». Әйтпесе нөмір бойынша жаңа бос аккаунт ашылады.
Аккаунтты қалай жоямын?
Қосымшада: «Профиль» бөлімін ашыңыз (сатып алушыда — экранның төменгі жағындағы қойынды, дүкен кабинетінде — жоғарғы оң жақтағы адам белгісі), төмен қарай жылжытып, «Аккаунтты жою» батырмасын басыңыз да, «Иә, біржола жою» деп растаңыз.
Сайтта: qolayly.kz/account/delete — қосымшадағыдай тәсілмен кіріп, жоюды растаңыз.
Почтаңыз, телефоныңыз, мекенжайларыңыз бен құрылғыларыңыз өшіріледі, кіру біржола жабылады, аккаунтты қайтару мүмкін емес. Чектер мен тапсырыстар дүкендерде иесіз түрде қалады — бухгалтерлік есеп туралы заң солай талап етеді. Дүкен иесі болсаңыз, дүкен витринадан алынып, кабинеті жабылады.
Пікірге қалай шағымданамын?
Пікірдің жанындағы «Хабарлау» батырмасын басып, себебін көрсетіңіз. Дүкен өзі туралы пікірді кабинеттің «Пікірлер» бөлімінде «Модераторға жіберу» батырмасымен тексеруге жібере алады.
Немесе support@qolayly.kz почтасына дүкен атауы мен пікір мәтінін жазыңыз. Біз пікірді тексеріп, онда қорлау, балағат сөз, басқа адамның дербес деректері, жарнама немесе жалған мәлімет болса, жасырамыз не жоямыз. Пікірлер ережесі — офертаның 8-бөлімінде.
Тапсырыс үшін ақшаны қалай қайтарамын?
«Тапсырыстар» бөлімінде тапсырыстың жанындағы «Мәселе бар» батырмасын басып, шағым ресімдеңіз: қандай тауарды қанша қайтаратыныңызды және себебін белгілеңіз (мерзімі өткен немесе бүлінген тауарға — сурет). Шағымды дүкен қарайды.
Картамен онлайн төлесеңіз — дүкен шағымды қабылдағанда ақша сол картаға банк арқылы автоматты түрде қайтарылады. Әдетте бұл бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылады — банкіңізге байланысты. Дүкен төленген тапсырысты болдырмаса да, ақша осылай автоматты түрде қайтарылады.
Kaspi немесе аударым арқылы төлесеңіз — ақшаны дүкеннің өзі қайтарады. Ол қайтарғанын белгілегенде, тапсырыста «Ақшаны алдым» деп растаңыз. Алған кезде қолма-қол төлесеңіз — есік алдында шағым берілген тауар есепшотқа кірмейді.
Дүкен жауап бермесе немесе шешімімен келіспесеңіз — support@qolayly.kz почтасына дүкенді және тапсырыс күнін көрсетіп жазыңыз.