QolaylyКіру

Ауыл дүкендеріне

Дүкенді жүргізу оңай

Касса, қойма және есеп — бір қосымшада. Интернет жоқ кезде де сату тоқтамайды: деректер телефонда сақталып, байланыс қалпына келгенде өзі жіберіледі.

Желісіз режим— байланыс үзілсе де касса жұмыс істейді

Дүкенге не береді

Касса

Штрихкодты сканерлеп сатыңыз. Қолма-қол, Kaspi, карта — бәрі есепте.

Қойма

Қалдық өзі есептеледі. Тауар азайса — бірінші болып білесіз.

Есептер

Күнделікті түсім, пайда және қай тауар жақсы сатылатыны — бір экранда.

Қызметкерлер

Сатушыға жеке кіру беріңіз. Кім не сатқаны көрініп тұрады.

Үш қадаммен басталады

  1. 1

    Тіркеліңіз

    Дүкен деректерін енгізіп, модерациядан өтесіз.

  2. 2

    Тауарды қабылдаңыз

    Штрихкодты сканерлеп, бағасы мен санын қоясыз.

  3. 3

    Сата беріңіз

    Қалдық пен түсім автоматты түрде есептеледі.

Бағасы

Есеп жүргізу — тегін

Касса, қойма және есептер үшін абоненттік төлем жоқ. Қосымша арқылы келген онлайн тапсырыстан ғана шағын комиссия алынады.

Дүкенді тіркеу

Сатып алушыларға

Жақында: ауылыңыздағы дүкендердің тауарын қосымшадан таңдап, жеткізуге немесе өзіңіз алып кетуге тапсырыс бересіз.